Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Şanlıurfa °C

Мемлекет басшысының атына Құрбан айт мерекесіне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Мемлекет басшысының атына Құрбан айт мерекесіне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары
18.06.2024
A+
A-

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысының атына Құрбан айт мерекесіне орай келіп түскен құттықтау жеделхаттары

2024 жылғы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсті.

 

 

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өзінің құттықтауында екі ел басшыларының саяси ерік-жігері мен ортақ іс-әрекетінің арқасында халықтарымыз арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, ынтымақтастық және тату көршілік қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтерілгенін атап өткен. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тілеген.

 

 

 

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров адамзатты мейірімділікке үндейтін осынау қасиетті күнде достас Қазақстан халқының барлық арман-ниеті орындалуына тілектестік білдіреді.

– Біздің елдеріміз арасында қалыптасқан тығыз әрі достық қарым-қатынас бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа денсаулық, зор бақыт, аса жауапты қызметіне табыс, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен тұрақтылық, бақ-береке тілеген.

– Бауырлас халықтарымызды ортақ мәдени-рухани құндылықтардан, соның ішінде бүкіл мұсылман үмбеті үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесінен бастау алатын берік достық қатынастар мен өзара тілеулестік біріктіреді, – деп жазған Тәжікстан Президенті.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов өз құттықтауында тарихи тамыры мыңжылдықтардан басталатын, адамзаттың рухани құндылықтарын паш ететін қасиетті мейрам барша мұсылман үмбетінің өзара түсіністігі мен сенімінің нығаюына ықпал ететінін атап өткен.

 

 

 

 

Сонымен қатар Құрбан айт мейрамына орай өздерінің ізгі тілектерін БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Әс-Сиси, Иордания Королі II Абдалла, Марокко Королі VI Мұхаммед, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Палестина Президенті Махмуд Аббас, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрдің орынбасары шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хусрав Нозири, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха және тағы басқалар жолдады.

Қазақстан Президентінің атына құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysynyn-atyna-kurban-ayt-merekesine-oray-kelip-tusken-kuttyktau-zhedelhattary-175521

 

REKLAM ALANI